Биыл облыстағы ауыл халқының сапалы интернетпен қамтылу жоспары 100 пайызға жуықтайды. Бұдан бөлек, елдімекендер арасындағы тас жолдардағы байланыс сапасы да едәуір артпақ.
Аймақ басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде облыс тұрғындарын мобильді интернетпен қамту жайы айтылды. Ал, жауапты басқарма басшысы Әсет Отарбаевтың айтуынша, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жұмыстар қызу жүріп жатыр.