Мемлекет басшысы "Аманат" партиясының тәжірибесін ескере отырып, «Әкімдер мектебі» оқу жобасын жалғастыруды тапсырды.

Президент пәрменіне сәйкес, ақпанның 17-сінен бастап өңірдегі барлық ауылдық округ әкімдері қайта даярлаудан өтеді. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және әкімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді дейді мамандар.