Жас балалар үшін патронаж қызметтерінің әмбебап прогрессивті моделі. Осындай атаумен қалада денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған конференция басталды. Онда қала мен аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері тәжірибе алмасты. Басты мақсаты - ерте жастағы бала мен жүкті әйелдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу. Олар үшін медициналық мүмкіндіктерді арттыру, алғашқы дәрігерлік көмекті дер кезінде ұйымдастыру маңызды.