Ақтөбе перинаталды орталығының гинекология бөлімі жұмысын тоқтатты. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің нұсқамасымен, акушерлік және жаңа туған нәрестелердің күтімін арттыруға бағытталған шешім дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. Асхат Балықовтың айтуынша, перзентхана жүктілік, босану және неонатальды көмек көрсетуге күш салуы тиіс.
Сондықтан бұған дейін гинекология бөліміндегі 20 адамға шақталған кереует саны екеуге қысқартылды. Бірақ, бөлімше мамандары жұмыссыз қалмайды. Бүгінде перинаталды орталықтың жүктемесі ауыр, сондықтан дәрігерлер мен медбикелер басқа бөлімшелерге ауыстырылмақ.