Өңірде бірден екі басқарманың басшысы тағайындалды.


Облыстың білім саласына енді Бұлбұл Күзембаева жауапты. Бұл есім ақтөбеліктер үшін жақсы таныс. Себебі Бұлбұл Бисембайқызы еңбек жолын Мәртөкте мұғалім болып бастады. Кейін мектепте директорының орынбасары болды. Ауданда, облыстық басқармаларда да жұмыс істеді. Ойыл ауданының әкімі қызметін де атқарған. 2018 жылдан бастап Ақтөбе және Батыс Қазақстанның білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінде еңбек етті.


Ал денсаулық сақтау басқармасына Ерлан Сұлтангереев басшы болды. Ол - білікті хирург. Әрі 2020 жылдың қазан айынан бастап 2024 жылдың тамыз айына дейін Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері қызметін атқарды.