Бүгіннен бастап “Халық қатысатын бюджет" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Жобаның мақсаты - тұрғындардың бастамасы мен ұсыныстары бойынша аудан, аулаларды абаттандыру. Бағдарлама аясында былтыр қаланың Астана ауданында 44 аула жаңа кейіпке енді. Оның ішінде балаларға арналған 29 ойын алаңы, баскетбол, футбол ойнайтын орындар салынды. Сондай-ақ, 31 көпқабатты үйдің ауласына асфальт төселіп, жарықшамдар орнатылды. Әріптесім Гүлдана Абайқызы халықтық жобаның жемісін көріп қайтты.