Өңірде картоп бағасы күрт қымбаттады. Тұрақтандыру қорынан күніне дүкен сөрелеріне 7 тонна картоп жіберіліп жатыр. Ал ірі супермаркеттерге аптасына 22-25 тонна көкөніс тасымалдануда. Алайда бағаны ұстап тұру мүмкін болмады.
Бүгін жауаптылар картоп құнының неліктен шарықтап кеткенін түсіндіруге тырысты.