Ертең 21ші қаңтарға арналған ауа райы болжамы. Облыста қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал. Аймақтың оңтүстік , солтүстік және батыс бөлігінде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік батыстан соққан жел, солтүстік батысқа ауысып, екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ал, Солтүстіктегі желдің екпіні қатты болмақ. Күндіз 15-20, кей жерлерде секундына 23 метрге дейін жетеді. Ал, сынап бағаны күндіз 6 градусқа дейін суиды. Облыс орталығында күн ала бұлтты. Алдағы екі күн дәл осындай ауа райы сақталады. Апта соңына қарай тұманды ауа райы күтілуде.