Кеше қалада техникалық қызмет көрсету орталығының бірінде өрт болды. Салдарынан 4 жеңіл автокөлік зақымданды. Оның екеуі сол жерде жанып кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаудың әрі қарай таралуына жол бермеген. Зардап шеккендер адам жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.