Жұмысшы мамандықтары - қазақстандық еңбек нарығының негізі. Сондықтан биыл еңбек адамдарына деген көңіл ерекше. Жұмысшы жылына орай, Ломоносов кітапханасы талай жыл маңдай терін төгіп, жұмысын адал атқарып келе жатқан қарапайым кәсіп иелерінің құрметіне кеш ұйымдастырды.