Аймақтағы 352 мектепте оқушылармен бірге ерекше балалар да білім алады. Мұндай балалар ақыл-ой, физикалық, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан құрдастарымен бірге білім ала алады. Әйтсе де, өңірде инклюзивті білім беру жүйесін әлі де дамыту маңызды. Тақырып аясындағы өзекті мәселелер сала мамандары бас қосқан конференцияда талқыланды.