Зейнеткерлер де заманауи электронды техникаларды пайдалануды меңгере бастады. Қаладағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызмет алушылары жыл басынан бері ІТ сауатын арттыруға арналған түрлі сабақтарды оқып келеді.

Аталған уақыт аралығында қарт кісілер мобильді қосымшалардағы онлайн қызметтерді өз бетінше қолдануды үйренген.

Дүниежүзілік компьютерлік сауаттылық күніне орай арна тілшілері орталықтың қызмет алушыларымен жүздесіп келді.