Қобдада көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына дайындық қызу. Ауданда 1 миллиард теңгеге қорғаныс бөгеттері салынып жатыр.

Еске салсақ, аймақ қарғын судан зардап шегіп, қызыл шығынға батқан еді. 147 баспана қайта тұрғызылып, 7 елді мекеннің кіреберіс жолы жөнделді. Бұдан өзге атқарылып жатқан істер жайы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында айтылды.