Мешіттерде діни кітап қана емес, қазақтың тарихы мен салтынан, әдебі мен мәдениетінен сыр шертетін жинақтар болуы тиіс. Классикалық шығармалар да маңызды. Ал, облыстағы мешіттерде әзірге ондай мүмкіндік жоқ. Әрі кетсе діни кітаптардан құралған бұрыш қана жасақталған. Сонда Ақтөбе мешіттеріне келетін жамағат қандай кітаптардан сауат ашып жүр? Кітап қоры неге жұпыны? Әріптесім айтады.