Өңірде «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі басталды. Бұл ауқымды жоба ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпаққа рухани тәрбие беру және қоғамда бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған. Фестиваль бес күнге созылып, әр күні ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге арналған арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Шара шымылдығы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Тағылым»: «Ұлттық рух тұғыры» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясымен ашылды. Аймақ ғалымдары қазақ халқының тарихи, мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық рух, сананы жаңғырту төңірегінде баяндама жасап, пікірлерін ортаға салды.