Қалада көлігінің дөңгелегін қысқыға ауыстырмаған жүргізушілер жазалана бастады. Тәулік ішінде заңды бұзған 10-нан астам адамға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Егер жүргізушілер бір жыл ішінде тиісті талапты қайтадан бұзса, олар үшін айыппұл көлемі екі есеге артады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары заң күшіне енген күннен бастап, көлік тізгіндеушілердің қысқы резеңкені пайдалануға міндетті екенін ескертті.