Өңірде 2-6 желтоқсан аралығында ұлттық дәстүрлер «Сыбаға» фестивалі өтеді. Бұл ауқымды шара ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпаққа рухани тәрбие беру және қоғамда бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған. Шара аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ұлттық киімдер көрмесі, спорттық жарыстар, гастрономиялық фестивальдер және қайырымдылық акциялары өткізіледі.