Өңірдегі 35 колледжде бір уақытта "бірыңғай құқықтық сабақ" өтті. ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен шара студенттердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталды.

Биыл бұл мақсатта адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі Аққалқа Байдуллина аймақтың 60 мыңнан астам тұрғынымен кездесіп, ағарту жұмысын жүргізді.

Омбудсмен өкілі "Адам құқықтары ұғымы" ,"Өз құқығыңды қорға" тақырыптарында дәріс оқып, жастармен пікір алмасты.