Ауылдық іскер жандардың бағын ашқан бағдарлама. "Ауыл аманаты" бағдарламасы туралы қарғалылық кәсіпкерлердің пікірі осындай. Былай деуге себеп те жоқ емес. Жоба іске қосылған екі жылда біразының жоспары жүзеге асқан. Бір ғана ауданның өзінен үш жүздей ауылдық шағын және орта бизнестен өз орнын тапты. Бүгінде ілкімді істері ілгері басқан кәсіп иелері көп.