Көшедегі жарнамадан көз сүрінеді. Мағынасы жоқ аудармалар, әріп қателері мен орынсыз қойылған тыныс белгілер. Мұндай сауатсыздық қала көшелеріндегі жарнамаларда жиі кездеседі. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қақты. Олар қала көшелерінен 600-ге жуық қате жарнама тілін анықтаған.