Айдың-күннің аманында жол апаты жүздеген адамның өмірін жалмады. Жыл басынан бері облыста 1000-ға тарта жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 137 адам қаза тапты. Ақтөбе облысы республика бойынша көлік апаты жиі болатын алғашқы үш өңірдің қатарына енген. Тәуелсіз зерттеулер, аймақта болған әрбір 5-ші оқиға адам өліміне алып келгенін көрсетеді. Бүгін ақтөбелік полицейлер жол апатынан қирап қалған көліктерді тиеп, қала орталығына әкелді. Шараға колледж студенттері де үн қосты. Мақсат – жүргізушілерді сақтыққа шақыру.