Облыста қант диабеті өршіп тұр. Ресми тіркелгендердің саны 20 мыңнан асады. Биылдың өзінде қауіпті дерт 700 ақтөбеліктің бойынан табылған. Бұл туралы Қант диабетіне қарсы күрес күніне орай өткізілген акция барысында айтылды. Атаулы күнде дәрігерлер тұрғындардың ағзасындағы қант мөлшерін өлшеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.