Алға ауданында 30 елді мекеннің 28-ы ауыз сумен қамтылған. Ал жергілікті тұрғындардың 99%-ға жуығы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу үшін үш миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Ауданда жыл басынан бері атқарылған өзге де жұмыстар жайын әріптесім Нұрболат Қуантайұлы тарқатып айтады.