Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы стратегиялық сессия өткізді. Жиында ұйымның 2025-2029 жылдарға арналған даму жоспары талқыланды.

Корпорацияның экономиканы дамытудағы рөлі, саладағы кемшіліктер мен жетістіктерге талдау жасалды. Жалпы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қызметі кәсіпкерлікке жайлы жағдай жасауға, жаңа өндіріс орындарын құруға, ал ескілерін жаңартуға, инвестиция тартуға, үкімет бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Нәтижелі жобалардың бірі- "Ауыл аманаты". Ауылдағы ағайынның әлеуетін арттыруға арналған бағдарлама аясында аймақта 2700-ден астам қолдау тауып, кәсібін бастады.