Тікұшақ апаты кезінде жарақат алған екі әскери қызметкердің жағдайы әлі де дәрігерлер бақылауында. Екі науқас та жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақаттарына байланысты екеуінің де жағдайы орташа ауыр. Қазір ем алып жатыр.