Әйелдер көшбасшылығы. Осындай атаумен "AQTOBE IT HUB" орталығында аймақ әйелдерінің көшбасшылық әлеуетін арттыруға арналған «TOMIRIS» семинар өтті. Онда нәзік жандылар қоғамдық ортада өз—өзін ұстау, көп алдында ойын ашық жеткізу, әдемі сөйлеу мәнерін үйренді.