Суық тиіп, тұмауратқандар көбейді. Күн суытқан бір жарым айдың ішінде елу мыңдай ақтөбелік ақ халаттылар көмегіне жүгінген. Иммунитеті әлсірегендердің жартысынан көбі бала. Оның үстіне мамандар бұл көрсеткіш былтырғыдан 1,3 есеге көбейіп кетті деп дабыл қағып отыр.