Сенбі күні Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылының маңында болған тікұшат апатынан 1988 жылы туған Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Батыр Қайратұлы Оразымбетов қайғылы жағдайда қаза тапты.
Офицер әскери институтты 2009 жылы "ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар" мамандығы бойынша бітірген. Қызмет барысында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымдардан өткен.
Мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталған. Апатты жағдайдағы қону кезінде зардап шеккен майор Бибарыс Ибраев пен аға лейтенант Рүстем Нығметов қазір облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты-ауыр.
Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.