Облыстық Ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған "Әжелер алқасына" Алматы ауданы әкімдігінің ғимаратынан кабинет ашылды. Мұнда осы ауданның аға буын өкілдері бірігіп, жиын өткізеді. Ұмыт қалған ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуды көздейтін ұйым бұған дейін де тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың басы-қасынан табылатын. Енді ақ жаулықты аналар жас буынға ұршық иіріп, қолөнерге үйретіп, отбасы құндылығы жайында тәлім бермек.