Жыл басынан бері облыс аумағында 409 өрт тіркелді. Садарынан 11 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алған. 211 млн теңге материалдық залал келтірілген. Тілсіз жаудың алдын алуға болар еді... Егер өрт қауіпсіздігі сақталса және құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетсе. Бірақ көпқабатты үйлердің алдындағы бетон бөгеттер арнайы техниканың кіруіне тосқауыл болып тұр. Бүгін төтенше жағдайлар департаменті осы олқылықты жойды.