Өңірде шағын стансалар мен электр желілерін жөндеу, жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр. Облыс халқын қажетті қуатпен қамтамасыз етіп отырған серіктестік инвестициялық бағдарлама аясында биыл 17 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. Электр сымдары, тозығы жеткен станса бағаналары ауыстырылды. Жоспардың 75 пайыздан астамы орындалып тұр.