Облыстың басты арнасы "Ақтөбе" телеарнасына биыл 64 жыл! Тарихы терең қарашаңырақ бүгінге дейін ел игілігі үшін үздіксіз ақпарат таратып келеді. Танымдық бағдарламалар әзірлеп, көрермен көзайымына айнала білді. Бұл телеарна ұжымының, ардагер қызметкерлердің елеулі еңбегінің нәтижесі. Телеарна ұжымы ардагер қызметкерлерді еш уақыт ұмыт қалдырмайды. Телевизия саласында ұзақ жылдар қалтқысыз қызмет еткен жандар бүгін де құрметке бөленді.