Made in Aktobe. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен "Шекарасыз бизнес" атты форум өтті. Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және отандық бизнестің оң имиджін қалыптастыруды мақсат еткен шара аясында көрме-жәрмеңке жайылып, кәсіпкерлер семинар-тренингте тәжірибе алмасты.