Бүгін – облыстың басты айнасы "Ақтөбе" телеарнасының туған күні. Алғашқы хабар 1960 жылдың 29-шы қазанда шыға бастады. Осы уақыт аралығында телекомпания биік белестерді бағындырып, бұл күнге лайықты абырой-беделмен жетіп отыр. Өңірдің саяси-экономикалық, рухани-мәдени, әлеуметтік тынысын жеткізуде алар орны айрықша. Мерекеде осыдан 64 жыл бұрын аймаққа алғаш хабар таратқан телеарнаның бүгінгі буыны, жас мамандармен сұхбат құрдық.