Мәртөктегі екі шаруашылық өз өндірісін кеңейтіп жатыр. Ауданға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Асхат Шахаров екеуіне де барып, ондағы құрылыс жұмысын қарап шықты. Әрі ірі қара жеткізу және мал азығын дайындау жоспарымен танысты.