Еліміз бойынша дауыс беруге құқы бар азаматтардың 63,66 пайызы өз таңдауын жасады. Яғни, дауыс беруге құқылы 12 млн нан астам халықтың 7 млн 820 мыңнан астамы референдумға қатысқан.

Әрі қазақстандықтардың 71,12 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

Оның айтуынша, жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны 82 729-ды құрады.

Жарамсыз деп танылған 130 мыңнан астам бюллетень анықталды. Еске салайық, кеше қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.