Дүниежүзінде 500-ге тарта атом электр стансасы болса, оның басым көпшілігі АҚШ пен Еуропада орналасқан. Әлемдегі ең арзан электр энергия көзі қарыштап дамып келе жатқан Қазақстан үшін де аса қажет,- дейді физика ғылымдарының докторы Игорь Спивак-Лавров. Бүгін облыстық кәсіподақтар орталығында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша кәсіподақ активінің отырысы өтті. Бұл ретте Кәсіподақтар федерациясының Атқару Комитеті кәсіподақ мүшелері мен әлеуметтік әріптестерге үндеу жолдап, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын, жобаның әлеуетіне зор сенім білдіретінін жеткізді.