Өткен сенбіде қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен көшеттер жәрмеңкесі өтті. «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің автотұрағында жеміс ағаштарының көшеті, көпжылдық гүлдер мен экзотикалық өсімдіктердің түр-түрі қойылды. Дәстүрлі түрде өткізілетін жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер қатысты.