Оқу жылы басталғалы аймақтағы 399 мемлекеттік мектепте бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Білім ордаларының үш жүз жетпіс жетісінде асханалық, қалған жиырма екісінде буфеттік тамақтану ұйымдастырылған. Әрі оқушылардың сапалы тамақтануы үшін мониторингтік шаралар қолға алынған. Бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында айтылды