Ауыл шаруашылығы ұйымдарын қолдау, жеңілдетілген несие алу шарттарын жақсарту. Ақтөбелік диқандардың Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлымен кездесуінде осы және өзге де бағыттар талқыланды. Жиын барысында саладағы өзекті мәселелер көтеріліп, шаруалар министрлік өкіліне толғандырған сауалдарын қоя алды.