Ұлт болашағының ең басты тұғыры, іргетасы – отбасы. «Отан – отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осы.

Осы орайда облыстық тарихи- өлкетану музейі мереке қарсаңында «Мерейлі отбасы-мықты мемлекеттің тұғыры» тақырыбында кездесу кешін өткізді.

Шараға отбасы құндылықтарын дәріптеп жүрген жандар, Мерейлі отбасы байқауының жүлдегерлері қатысып, үлгілі отбасы болудың жолдарымен бөлісті.