Қалада су құбырлары мен жылу желілері жаңғыртылып жатыр. Әбілқайыр хан даңғылының Әлия Молдағұлова, Марат Оспанов көшелерімен қиылысында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Коммуналдық мекеме тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тұрақталып, таза ауыз судың сапасы артады деп сендіреді.