Астанада екі күннен соң түркі әлемі көз тіккен 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады. Дүбірлі додаға ел атынан 216 спортшы қатысады.

Қазір, спорт нысандарында соңғы әзірлік жүргізіліп, ел намысын қорғайтын спорт саңлақтары соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.