"Жан-жақты өнер иесі". Осындай атаумен облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Назым Жұрынбайқызына арналған кездесу кеші өтті. Ол арнаулы кітапхананың белсенді оқырманы, жанына әнді серік еткен қайсар жан. Кеш барысында ерлі-зайыптылар оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, бастан өткерген қиындықтары мен жетістіктерін әңгімелеп берді.