Отбасы күніне арналған мерекелік кеш №69-шы орта мектебінде де өтті. Астана ауданы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған «Дені сау ұрпақ» атты шараға оқушылар, аға буын өкілдері, "Мерейлі отбасы" байқауының жүлдегерлері, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мен әкімдік қызметкерлері қатысты. Отбасы құндылығын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру бағытында тағылымды әңгімелер қозғалды. Дәрігерлер дұрыс тамақтану, спортпен айналысудың пайдасын түсіндіріп, жас жеткіншектерді зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Білім ордасының беткеұстар оқушылары өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, қатарластарына үлгі-өнеге көрсетті. Бүлдіршіндердің ән-биі мерекенің сәнін келтірді.