Екі айдан соң жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі аяқталады. Биыл 102 мың ақтөбелік өзі туралы ақпарат беруі тиіс. Бүгінге дейін тек 44 пайызы ғана сұрақтарға жауап беріп, декларация тапсырды.
Айта кетейік, декларациялау 2021 жылдың қаңтарынан бастап, кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Ондағы мақсат: көлеңкелі экономикамен күрес, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.
Осыған дейін өткізілген декларациялаудың екі кезеңі мемлекеттік қызметшілер мен теңестірілген тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайларына қатысты болды. Осы жолы декларацияны тапсыруға міндеттелген тұлғалар дүние-мүлкін толық көрсетеді.
Әсіресе, шетелдік банктерде сақталған қаржысы мен жылжымайтын мүлкін жария етуі тиіс.