Ал Қобдада жеребе тарту арқылы жаңа тұрғын үйлердің иелері анықталды. Мұнда жалпы саны 147 үй салынып жатыр. Оның 17-сі - Жарық ауылында. Аудан әкімдігі жеребе тарту рәсімінің ашық әрі әділ өткенін атап өтті. Оған үйі жарамсыз болып қалған барлық отбасы қатыстырылды. Еске салсақ, көктемде өңірдегі 6 аудан және Ақтөбе қаласында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес баспаналы болудың екі жолы ұсынылды. Ең бірінші болып облыста осы Қобда ауданында үй салына бастады.