Ойыл ауданына кіреберісте орналасқан көпір қалпына келтіріліп жатыр. Бұл нысан көктемгі су тасқыны кезінде сыр беріп, бір бөлігі жарамсыз болып қалған еді.
Содан арнайы мамандар келіп, тексеру, сараптау жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда «ТенгизСтройСервисГрупп» серіктестігі арнайы техникалардың көмегімен асфальт бетін қыру, плиталарды тазалау, бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, аудан бойынша қазір 178 үй салынып жатыр. Сонымен бірге 129 отбасы дайын үй сатып алуға шешім қабылдады.