ҚР Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай өңіріміздегі жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге ерекше үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Солардың қатарында Ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев та бар. ҚР Қарулы күштері ардагерлер қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы – Қажымұқан Сәтенов Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған іс-шаралардың жыл бойына өткізілетінін атап өтті. Айта кетейік, кезекті шара ертең Шығармашылық академиясының ғимаратында күндізгі сағат үште тарихи-танымдық кездесу түрінде өткізіледі.