Қала ішінде тазалау, абаттандыру жұмысы ақсап тұр. Көшенің әр бұрышынан үйілген қоқысты көруге болады. Облыс әкімі бұл жұмыстардың себебін сұрады.

Зерделей келе конкурстық рәсімнің дер кезінде өткізілмегені белгілі болып отыр. Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері қала әкімдігі жалпы сомасы 8 млрд теңгеден асатын сомаға 130 жобаның конкурсын өткізуі тиіс болатын. Бүгінде тек тең жартысынан астамы орындалған.

Мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде тапсырыс беруші саналатын Астана және Алматы ауданы әкімдерінің аппараттары уақытылы өтінім тапсырмаған.